Алматы қаласы Жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар басқармасы «Аяла» әлеуметтік қызмет орталығы» КММ
  • Бізге жазыңыз
  • centrrebilitasion@mail.ru
  • Бізге қоңырау шалыңыз
  • 8 (7272) 3700005

АЛМАТЫ ҚАЛАСЫ ЖҰМЫСПЕН ҚАМТУ ЖӘНЕ ӘЛЕУМЕТТІК БАҒДАРЛАМАЛАР БАСҚАРМАСЫНЫҢ «АЯЛА» ӘЛЕУМЕТТІК ҚЫЗМЕТ ОРТАЛЫҒЫ» КММ-І

Алматы қаласы Жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының «Аяла» әлеуметтік қызмет орталығы» коммуналдық мемлекеттік мекемесі коммуналдық заңды тұлға мәртебесі бар, коммерциялық емес медициналық-әлеуметтік ұйым болып табылады.

Құрылған жылы: 2005 жыл (аумақтық орталық ретінде 1989 жылдан жұмыс жасайды)

Мекенжайы: Алматы қаласы, Алмалы ауданы, Мақатаев көшесі, 142 үй, 49 тұрғын емес үй-жай

Ғимараттың жалпы көлемі: 646,4 шаршы метр

Басшы: Закирбаева Лязат Нұрхаметқызы

МӘМ жобалық қуаты: 250 қызмет алушы

Қызмет алушы тұлғалардың саны: 256 қызмет алушы

Қызмет түрі: жартылай стационарлық үлгіде күндіз болу және үй жағдайында  арнаулы әлеуметтік қызмет көрсету

Қызмет алушылардың санаты: психоневрологиялық ауытқулары бар және тірек-қимыл аппараты бұзылған бір жарым жастан он сегіз жасқа дейінгі балалар және психоневрологиялық аурулары бар он сегіз жастан асқан мүгедектігі бар адамдар

Қызметкерлердің штаттық саны: 109,5 бірлік, нақты 97 қызметкер.

Алматы қаласы Жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының «Аяла» әлеуметтік қызмет орталығы» КММ-і жартылай стационарлық және үйде қызмет көрсетуге арналған, ұзақ немесе уақытша күндіз болу жағдайларында арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсетуді қажет ететін, ұйымдастыру-құқықтық нысандағы мекеме ретінде құрылған коммуналдық заңды тұлға мәртебесі бар, коммерциялық емес медициналық-әлеуметтік ұйым болып табылады (әрі қарай-қызмет алушылар).

Орталықта төрт бөлімше жұмыс жасайды:

  1. Психоневрологиялық ауытқулары бар және тірек-қимыл аппараты бұзылған  мүгедектігі бар бір жарым жастан он сегіз жасқа дейінгі балаларға үйде әлеуметтік қызмет көрсету бөлімшесі;
  2. Психоневрологиялық аурулары бар он сегіз жастан асқан мүгедектігі бар адамдарға үйде әлеуметтік қызмет көрсету бөлімшесі;
  3. Психоневрологиялық ауытқулары бар және тірек-қимыл аппараты бұзылған мүгедектігі бар бір жарым жастан он сегіз жасқа дейінгі және  психоневрологиялық аурулары бар он сегіз жастан асқан мүгедектігі бар адамдарға арналған жартылай стационарлық үлгіде күндіз болу бөлімшесі;
  4. Арнаулы әлеуметтік қызметтің қажеттілігін айқындау мен бағалау бойынша бөлімшесі.

«Аяла» әлеуметтік қызмет орталығы» КММ-ң негізгі мақсаты, әрбір қызмет алушының жеке дамуын-әлеуметтенуін, тұрмысқа бейімделуін, қоғамға кіріктірілуі мен оңалтуын ескере отырып, жартылай стационарлық үлгіде және үйде арнаулы әлеуметтік қызметтерді тиімді және сапалы көрсету болып табылады.

Мүмкіндігі шектеулі балалар мен  психоневрологиялық ауытқулары бар 18 жастан асқан тұлғалар әрдайым бөгде адамдардың көмегіне мұқтаж. Оларға әлеуметтік-бейімделу және  түзету-даму көмектері көрсетіледі. Балалармен  мынадай мамандар жұмыс жасайды: деффектолог мұғалімі, логопед, психолог, массажист, емдік дене шынықтыру инструкторы және өзге мамандар. Орталық мамандары жұмысының арқасында  балалардың дамуында айтарлықтай өзгеріс бар.

Жартылай стационарлық үлгідегі күндіз болу бөлімшесінде, массаж қызметі атқарылады және де мүмкіндігі шектеулі балаларды оңалту мен бейімдеу бойынша әртүрлі қызмет түрлері бар. Кешенді көмек жан-жақты ұйымдастырылған, яғни әрбір балаға бағытталған. Ұжым жұмысының басты ерекшелігі,  маман мен бала арасындағы өзара түсіністікті, сенімділік пен қабылдау атмосферасын қалыптастыру.

Сабақ түрлері: жеке сабақ, топпен өтетін сабақ, ата-аналарына баламен қалай жұмыс жасау керектігін үйретуде кеңес беру, яғни түзетуді ұйымдастыруда отбасылық-орталықтандырылған көзқарас таныту. Сабақтар құрамдастырылып өтеді, оқытушы баламен жұмыс жасағанда бір тәсілден екінші тәсілге икемді ауысады. Жағымды уәждеме сәтті қалыптастыру үшін, балаларды оқытуда бұл сабақтар ойын ретінде жүргізіледі.

Орталықта: дәрігерлер кабинеті, массаж кабинеті, ЕДШ кабинеті, физиокабинет, сезімдік кабинет, логопед кабинеті, дефектолог мұғалімі кабинеті, еңбек терапиясы кабинеті, дене шынықтыру кабинеті, музыка сыныбы, оқу сыныбы, әлеуметтік тұрмыс бағдар кабинеті, компьютерлік сынып кабинеті бар.

Мүгедектігі бар 18 жастан асқан адамдар мен балаларға үйде қызмет көрсету, үйде арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету Стандартына сәйкес жүзеге асырылады. Үйде қызмет көрсететін әрбір маманға 4-6 баладан және мүмкіндігі шектеулі 18 жастан асқан тұлғалар беріледі. Мамандар, ата-анаға баламен және 18 жастан асқан тұлғалармен түзету жұмыстарын жүргізу әдістері мен тәсілдерін үйретеді және де қоғамға мүгедектердің бейімделуін, оңалту шараларын жүзеге асыру бойынша ата-анамен жұмыс жасайды, отбасы арасындағы қарым-қатынасты зерттейді,  отбасында ата-анасының және өзге тұлғалардың мүгедекке деген көзқарасын жақсарту үшін моральдық-психологиялық жағдайды жақсартуға көмектеседі, әлеуметтік жұмыс жөніндегі мамандар балалардың оқуы мен демалысын ұйымдастырады, демалыс саябағына серуенге шығады, медициналық мекемелерге апарады, отбасының қала мекемелеріндегі әртүрлі мәселелерін шешіп береді.

Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары - Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2023 жылғы 29 маусымдағы «Халықты әлеуметтік қорғау саласында арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету стандарттарын бекіту туралы» №263 бұйрығына және 2023 жылғы 22 маусымдағы «Арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсететін ұйымдар қызметінің қағидаларын бекіту туралы» №230  бұйрығына сәйкес, мамандар сегіз түрлі арнаулы әлеуметтік көмек: әлеуметтік-тұрмыстық, әлеуметтік-медициналық, әлеуметтік-психологиялық, әлеуметтік-педагогикалық, әлеуметтік-еңбек, әлеуметтік-мәдени, әлеуметтік-құқықтық, әлеуметтік-экономикалық көрсетеді.

Әлеуметтік-тұрмыстық: денсаулығына зиян келтірмей, физикалық немесе моральдық азап көрсетпей, төсек тартып жатқан, қадағалауда тұрған қызмет алушылардың өздігінен гигиеналық тұрғыдан және денсаулығының жағдайына байланысты күнделікті жеке өзіне күтім жасай алмайтындықтан әлеуметтік-тұрмыстық қызмет көрсетеді (қызмет көрсеткенде, қызмет көрсетушілер қызмет алушыларға ерекше дұрыс қызмет көрсетуі қажет); жеке және әлеуметтік күйін қалпына келтіретін қолдын икемі мен еңбек машығын қалыптастыру үшін, аурудың және (немесе) мүгедектік сипатын, қызмет алушының физикалық жағдайын ескере отырып, тәрбиелеу мен оқыту барысында олар үшін сәйкес ыңғайлы жағдай жасайды; балалар мен 18 жастан асқан тұлғаларды өзін-өзі күту дағдыларына, тұрмыстық бағдар негіздерін (тамақ дайындау, үстелді әсемдеу, ыдыстарды жуу, бөлмені жинастыру және өзге керекті дағдыларды) үйрету үшін, әлеуметтік-тұрмыстық жағдайға бағдарланған кабинеттер құрылды, олар қажетті тұрмыстық техникамен, жиһазбен  жабдықталған.

 

1

Әлеуметтік-медициналық: ауруларының сипатын, медициналық көрсетілімдерді, физикалық және психикалық жағдайларын ескере отырып, әлеуметтік-медициналық қызмет алуда, қызмет алушыларға уақытылы және қажетті көлемде көмек көрсетіледі; сонымен қатар әлеуметтік-медициналық мәселелерді (тамақтану және тұрмыс гигиенасы, артық салмақтан, зиян  әдеттен арылу, әртүрлі аурудың алдын-алу, психосексуалды консультация алу, жас ерекшелікке бейімделу, жас ерекшелік өзгерістер мен медициналық сипаттағы сұрақтарды) шешуде консультация беру, алда тұрған әлеуметтік-медициналық мәселелерді дұрыс шешу мен түсінуді қамтамасыз етеді. Санитарлық-гигиеналық құралдарды және оңалту құралдарын алуға көмектесу:  далаға, үйге арналған кресло-коляска, жүріс арбасы, ортопедиялық бұйымдар, туторлар және тағы басқа заттар.

 

 

 

Әлеуметтік-психологиялық: психологиялық диагностика және тұлғаны зерттеу; әлеуметтік-психологиялық патронаж (жүйелі түрде бақылау жасау); мүгедектер мен қартттармен профилактикалық жұмыс жүргізу;  шұғыл психологиялық (соның ішінде телефон арқылы) көмек көрсету; қызмет алушыларға психологиялық көмек көрсету, соның ішінде әңгімелесу, қарым-қатынас жасау, тыңдау, көңілін көтеру, белсенді болуына ықпал ету; психологиялық тренингтер өткізу; қолайлы психологиялық  жағдайды қамтамасыз ету үшін отбасы мүшелеріне психологиялық көмек көрсету,  қақтығыс жағдайларын болдырмау және жою.

 

 

Әлеуметтік-педагогикалық:  балалар мен тірек-қимыл аппараты бұзылған балаларда, он сегіз жастан асқан тұлғаларда өз-өзін күту дағдыларын, жеке бас гигиенасын, қимыл, сенсорлық және когнитивтік дағдыларды қалыптастырып іс жүзінде көмек көрсету, олардың әлеуметтік-педагогикалық бейімделуіне, білім деңгейіне, физикалық және психикалық жағдайына қарай жүзеге асырылады.

 

43

 

 

 

 

Әлеуметтік-еңбек: емдік-еңбек қызметін жүргізу, арнайы ұйымдастырылған кабинеттерде өтеді және де жартылай стационарлық үлгідегі ұйымдарда, олардың денсаулығына қарай он сегіз жастан асқан тұлғалар мен мүгедектердің күшіне сай еңбек дағдыларын қалыптастыру үшін  әртүрлі нысанда қызмет көрсету үшін жағдай жасалған, сонымен қатар қартттар мен он сегіз жастан асқан тұлғалардың жойылған тұрмыстық дағдыларын қалпына келтіру бойынша жеке немесе фронтальды сабақтар ұйымдастырылады.

 

34

 

 

Әлеуметтік-мәдени:  мерекелерді, мерейтойларды, туған күндерді, экскурсияларға, театрларға, кинотеатрларға, көрмелерге, концерттерге, өзге мәдени шараларға бару, көркемөнерпаздар үйірмелерін ұйымдастыру, қызмет алушылардың мәдени және рухани қажеттілігі мен қарым-қатынас аясын  қанағаттандыруға бағытталған.

 

 

 

 

Әлеуметтік-құқықтық: арнаулы әлеуметтік қызметтерді ұсынуда,  заңды түрде кеңес беру және әлеуметтік қамтамасыз ету құқығымен байланысты сұрақтарды шешу Қазақстан Республикасының заңдылығына сәйкес  ұсынылады.

 

 

Әлеуметтік-экономикалық: қызмет алушы үшін қызығушылық тудыратын мәселелерді шешуде, яғни тиісті жеңілдіктерді, жәрдемақыларды, өтемақыларды және сәйкес төлемдерді алуда көмек көрсету, уақтылы, толық, білікті және тиімді көмек көрсетуді қамтамасыз ету жатады.

 

90

 

«Аяла» әлеуметтік қызмет орталығы» КММ-і Алматы қаласының филиалы «Спешиал Олимпикс Казахстан» ҚБ өзара ынтымақтастық туралы Меморандум жасасты, онда қызмет алушылар  сауықтану және оңалу үшін жүзу бассейініне және теннистік кортқа барады.

Сонымен қатар, Алматы қаласы Білім басқармасының «Алматы сән және дизайн колледжі» КМҚК-мен, «Туризм индустриясы және қонақжайлылық колледжі» КМҚК-мен және «Алматы технология және флористика колледжі» КМҚК-мен, Алматы қаласы Спорт басқармасының «Спорттағы дарынды балаларға арналған мамандандырылған мектеп-интернат-колледжі» мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорнымен, Алматы қаласы Білім басқармасының №46 гимназия КММ өзара ынтымақтастық жасалды.

Орталық көптеген әлеуметтік қорғау, денсаулық сақтау, білім беру, мәдениет және спорт мемлекеттік, үкіметтік емес ұйымдармен бірлесіп жұмыс атқарады.

 

 

 

 

Алматы қаласы Жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының

«Аяла» әлеуметтік қызмет орталығы» КММ-нің әлеуметтік қызметкері Оспаналиева Жаннат Нұржановна Республика күніне орай Астана қаласында өткен салтанатты марапаттау рәсіміне шақырылды.

Іс-шара барысында ол Қазақстан Республикасының Еңбек және әлеуметтік қорғау министрі Светлана Қабыкенқызы Жакупованың қолынан «Ерен еңбегі үшін» төсбелгісімен марапатталды.

Бұл жоғары марапат Жаннат Нұржановнаның әлеуметтік саладағы адал еңбегінің, кәсіби шеберлігінің және қоғам игілігі жолындағы үлесінің айғағы болып табылады.

 

 

 

Алматы қаласы жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар басқармасы «Аяла» әлеуметтік қызмет орталығы” КММ

мамандары —

Домакбай Раушан Жетесқызы – логопед маманы және

Гүлнұр Нұрмагамбетоват– әлеуметтік қызметкері

Қазақстан Республикасының Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі  Светлана Жакупованың атынан

республикалық байқауда жүлделі орын алып, құрмет грамотасымен марапатталды!

 

Салтанатты марапаттау рәсімі 2025 жылғы 24 қазанда Астана қаласындағы “Hilton” қонақүйінің конференц залында өтті.

 

Бұл марапат – олардың күн сайынғы табанды еңбегі мен шынайы жанашырлықпен атқарған қызметінің айқын бағасы.

 

Закирбаева Лязат Нурхаметовна


Директор КГУ «Центр социальных услуг «Аяла»


Дата и место рождения: 17 сентябрь 1972 год, Алматинская обл. город Уштобе

Образование: магистратура Университет имени Д.А.Кунаева – магистр юридических наук- 2024 г. Центрально-Азиатский университет, по специальности бухучет и аудит-2012 г.

ТРУДОВАЯ ДЕЯТЕЛЬНОСТЬ: Трудовую деятельность начало в социальной сфере в центре реабилитации и адаптации инвалидов Ауэзовского района г. Алматы в 2000 года инструктора производственного обучения 2005 году переведена в должность бухгалтера.

2016 году приказом руководителя Управления занятости и социальных программ г. Алматы назначена на должность заместителя директора КГУ «Алматинского городского центра адаптации, для лиц не имеющих определенного место жительства».

В октябре 2017 года приказом руководителя Управления занятости и социальных программ г. Алматы назначена на должность директора КГУ центра реабилитации и адаптации инвалидов Ауэзовского района г. Алматы.

В 2022 году название центра реабилитации и адаптации инвалидов Ауэзовского района г. Алматы был переименован КГУ «Центра социальных услуг Парасат» г. Алматы.

01 апреля 2025 года приказом руководителя Управления занятости и социальных программ г. Алматы переведена директором КГУ «Центра социальных услуг «Аяла» по настоящее время. Член партии «AMANAT»

Государственные награды:

1. Нагрудный знак «Әлеуметтік еңбек саласының үздігі» от Министерства здравоохранения и социльной защиты Республики Казахстан 2016 году.

2. Медаль «Әлеуметтік-еңбек саласының үздігі» от Министерства труда и социальной защиты населения Республики Казахстан 2021 году.

3. Медаль «Профсоюзный работник» Общественного объединения «Отраслевой профисональный союз государственных, банковских учреждений и общественного обслуживания «Қызмет» в 2021году.

4. Награждена Медалью «30 лет Независимости Республики Казахстана» 2021 году.

Наша деятельность

Коммунальное государственное учреждение «Центр социальных услуг «Аяла» Управления занятости и социальных программ города Алматы является некоммерческой медико-социальной организацией, обладающей статусом коммунального юридического лица, созданной в организационно-правовой форме учреждения, предназначенной для длительного или временного пребывания в дневное время суток и для оказания специальных социальных услуг на дому лицам, нуждающимся в оказании специальных социальных услуг в условиях полустационара и оказания услуг на дому (далее – получатели услуг). 

Наша цель

Основной целью КГУ «Центр социальных услуг Аяла» является качественное и эффективное предоставление специальных социальных услуг в условиях на дому и в условиях полустационара учитывая личностное развитие каждого получателя услуг – социализация, адаптация в быту, реабилитация  и интеграция в общество. 

Наша команда

Lacinia non eros vitae, consequat pulvinar arcu. Suspendisse est mauris, rhoncus vitae sodales ac, consectetur in ipsum. Nullam nec libero congue, pretium dolor eu, laoreet tortor. Etiam quis tincidunt lectus. Proin convallis urna eget purus iaculis gravida.

Отзывы о нас

Отзывы о нас

Партнеры и спонсоры

clients
clients
clients
clients
clients